ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса жұмыс сапары аясында Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандарда болды. Қалалық №1 ауруханаға барып, заманауи медициналық құрылғылармен танысты. Дәрігерлермен кездесіп, медицина саласындағы жетістіктерді сөз етті. Сондай-ақ, Шымқала тарихы-мәдени кешенімен танысып, архиологиялық жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Өз кезегінде салаға бөлінген мемлекеттік қолдаулар жайында сөз етті.
Мәжілісмен алдымен операцияны асқынусыз жасауға мүмкіндік беретін құрылғымен танысты. Германиялық жабдық науқасқа бұрынғыдай наркоз бермей-ақ бүйректегі және зәр шығару жолдарындағы тасты 1000 Вольттты қуатпен құм етіп үгітіп, ағзадан шығарады. Бір жыл ішінде осы аппараттың көмегімен шымкенттік 750 науқасқа ота жасалған. Медициналық құрылғыға «Ақжол» партиясы қолға алған әлеуметтік жобалар аясында қол жеткізілген.
ҚАЗЫБЕК ИСА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Үнемі Парламентте көтеріп жүрген мәселелеріміздің бірі сіздердің, медицина мамандарының жалақысын көтеру. Кешегі пандемия кезінде нағыз батыр осы дәрігерлер екеніне көзіміз жетті.
МЕГАПОЛИСКЕ ЗАМАНАУИ МУЗЕЙ ҚАЖЕТ
Шымкентің 2000 жылдық тарихыннан сыр шертетін Шымқала тарихы-мәдени кешені мегаполистегі бірден бір туристтік аймақ. Мұнда көне шаһардың кешегі тірлшілігін көруге мүмкіндік мол. Орта ғасырдағы тарихи орынды рестоврациялау ісі мәжіліс депутатының көңілінен шықпады.
ҚАЗЫБЕК ИСА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мына жерді аралап жүргенде орта ғасырға кірдік. Мұражайды мұрадай сақтамасақ, болашаққа қадам жасай алмаймыз.
Мәдени кешенде гид-экскурсоводтардың жұмысы да мардымсыз. Қала әкімінің орынбасары бірнеше қателікті тізбекпен айтып берді. Нысан аумағын таныстыру, өткенге саяхаттау барысында қателікке бой алдырмауға шақырды. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны ұтымды игеруде шикіліктің көптігін алға тартты.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қолдау мемлекет тарапынан бар. Парламент тарапынан берілетін қолдаулар бізге ауадай қажет. Осы ма енді біздің жұмыс істегеніміз? Сіздер өз жұмыстарыңызды дұрыс істесеңіздер, нағыз қолдау сол.
Тарихи жәдігерлерді сақтап, қазақтың мол мұрасының қорын көбейту ісі жанданып келеді. Қазір архивтегі 3 миллион құжат сканерленген. Қала билігі заманауи өнер туындыларын насихаттауға мүмкіндік беретін музей қажеттігін алға тартты.