«Көктөбе Ана бұлақ» деген атпен танымал емдік су талайдың дертіне шипа болуда. Өңірімізде осы суды ішіп беті бері қараған науқастар саны артып келеді. Солардың бірімен арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі тілдесіп қайтты.
Ләззат Орманова осыдан екі жыл бұрын ауруға бой алдырып, ас ішіп, жүріп-тұрудан қалған. Дәрігерлер тексеріп, өт қабынып тас бар екенін анықтаған. Одан бөлек, панкреатит және бүйрегінде пиелонефриттің белгілері шығып, төсек тартып қалған. Аурумен алысып жүргенде «Көктөбе Ана бұлақ» суы жайлы естіген. Содан бері емдік суды күнделікті пайдаланып, шипасын сезінген.
ЛӘЗЗАТ ОРМАНОВА, ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
– Тәбетім ашылды, қазір жақсымын, салмақ қостым. Жүре алмай да қалған ем алғашқы кезде. Қазір жақсымын, немерелермен ұрысып жүрмін.
Ләззат апайдың УДЗ қағаздарымен танысқан емдік судың ресми өкілдері таңданыстарын жасырмады. Өттегі тас жойылып, бүйрек те қалпына келген.
МАҚСАТ ЖҰМАН, «КӨКТӨБЕ АНА БҰЛАҚ» ЕМДІК СУЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
– Өттегі тас бар дедік ғой, 3,3–7,6 мм. Тура бір жылдан кейінгі нәтиже бойынша тас мүлде жоқ десек болады.
Емдік су Алматыдағы Республикалық Ішкі аурулар және кардиологиялық зерттеулер институтынан зерттеуден өтіп, қорытындысын алған. Қасиетті су жүрек-қан тамырлары, асқазан, бауыр, бүйрек, өт жолдарына, қан қысымы мен қант диабетіне таптырмайтын шипа.
ЕРДЕН ӘБДІҒАППАР, «КӨКТӨБЕ АНА БҰЛАҚ» ЕМДІК СУЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
– Қою боп тұрған өтті бұл су сұйылтады. Соның арқасында қан тамырдағы қоюланған қан да сұйылып, қан айналымы жақсарады. Бұның барлығын медициналық тұрғыдан дәлелдей аламыз. Бұл адамның ішкі ағзасына пайдалы.
«Көктөбе Ана бұлақ» емдік суды еліміздің 12 қаласындағы ресми дүкендерден алуға болады. Шымкентте Қазыбек би көшесі, 176 үйде және Бекжан автобекеті маңында сатылады. Толық ақпаратты koktobe_anabulak Instagram парақшасынан алуға болады. Емдік табиғи суды үйіңізге тапсырыспен алдырғыңыз келсе, 8 776 767 91 01 немесе 8 705 456 12 14 нөміріне хабарласыңыздар.