«Таза орта – саналы ұрпақ». Осындай тақырыпта Шымкенттегі жол-көлік колледжінде экологиялық топ сағаты өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» жобасы негізінде ұйымдастырылып отыр.


Экологиялық топ сағаты колледждің 1 курс студенттеріне өткізілді. Сабақтың мақсаты білім алушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамыту, сондай-ақ олардың экологиялық жауапкершілігін арттыру болып табылады.


ЭЛЬВИРА ТІЛЕУБАЕВА, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
«Таза Қазақстан» жобасы негізінде өткізіп отырмыз. 1 курс студенттері, автоэлектрик мамандығына өткізіп отырмыз. Балаларға акция туралы қысқаша мәлімет бердік, фотосинтез процесі туралы мағлұмат бердік.


Топ сағатында студенттерге гүлдерді өсіру, баптау тәсілдері көрсетілді. Сондай-ақ, оларға өсімдіктердің экологияға әсері түсіндірілді.


 МЕЙІРХАН ӘБУТАЛИПОВ, 4 КУРС СТУДЕНТІ
Біздер гүлдер қалай бөлінеді? Осы туралы студенттердің білгенін қаладық. Гүлдер 5 топқа бөлінеді. Күндіз және түнде оянатын деп гүлдер бөлінеді.


Колледж студенттері тазалық жұмыстарында өте белсенді. Білім ордасында 500-ден астам ерікті бар.