2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында еліміздің жарқын болашағы үшін алдағы конституциялық реформаның маңызы зор екенін атап өтті. Азаматтар Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл бастамалардың халық арасында кең қолдау табатынына сенім білдіріп отыр.
Президент сұхбат барысында энергетикалық әлеуетті нығайту, агроөнеркәсіп кешені мен су шаруашылығы мәселелерін шешу, көлік-логистика саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бағыттары жалғасын табатынын айтты. Сұхбатта көтерілген мәселелердің бірқатары аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан да бұрыннан айтылып келеді. Әсіресе инфляцияға қатысты пікірлер еткен еңбекті жоққа шығаратынын алға тартты, – дейді аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы.
БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қандай да бір экономика болмасын, оның өркендеп өсуіне теріс әсер ететін тежеуіш ұғым – инфляция бар. Сол инфляция етіліп жатқан еңбекті зая кетіріп отыр деп Мемлекет басшысы нақты айтты. Бұл – кәсіподақтар көтеріп жүрген негізгі мәселелердің бірі. Себебі, жуырда халықаралық ұйымның конвенциясы ратификацияланып, ең төменгі жалақы деңгейін көтеру туралы Президент қол қойды. Оны Парламент қолдады. Бұл – кәсіподақтар ұзақ уақыт бойы айтып келген күрделі мәселе еді.
Шағын және орта бизнес әрдайым мемлекеттің назарында болады. Барлық өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, жолдар жөнделеді. Сондай-ақ тұрғын үйлер, мектептер, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары бой көтермек. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлініп отыр.
БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
2024 жылдың өзінде ауыл шаруашылығы мамандарына 580 млрд тг. көлемінде жеңілдетілген несие берілген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн тг-ге жетті. Мемлекет басшысы бұл қаржының нақты қай мақсатта жұмсалуы керектігін ашық айтып отыр. Оның ішінде баспана мен зейнетақы бағытында бөлінген қаражаттың 200 млрд тг-ге дейін жымқырылғаны жөнінде де нақты дерек келтірілді. Сұхбаттың ерекшелігі – кемшіліктерді ашық айтып, оны шешу жолдарын көрсетуінде. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін кластерлерді кеңінен дамыту қажет.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылғы Жолдауында 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бастама озық технологиялар арқылы еліміздің барлық саласының әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар мемлекет өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету міндетін де ұмытпайды. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында үшінші жыл қатарынан әр баланың есепшотына қаражат аударылып келеді. Осылайша мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін жүйелі түрде орындай бермек.