Түркістандық полицейлер дрон көмегімен мал ұрлығын анықтады. Тәртіп сақшылары Бәйдібек ауданында тұратын ағайынды екі жігіттіұстады. Олар мал ұрлады және қаруды заңсыз сақтады деген күдікке ілініп отыр. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 3 сиырды ұрлау фактісін анықтаған.
Күдіктілер ұрланған малды көрші ауданға сатып үлгерген. Бөтеннің мүлкін өткізу фактісі дрон көмегімен анықталып, қос күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Тінту кезінде 6 бас мал, аңшы мылтығы және басқа заттай дәлелдер тәркіленді. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.