Былтыр «Қазақстан темір жолы» желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 14,3 млн тоннадан асқан. Көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 31% артық. Экспортқа 11 млн тонна астық жөнелтілген, бұл өткен жылғы көлемнен 33% көп. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше бұл соңғы 10 жылдағы үздік көрсеткіш.


Теміржол көлігінің инфрақұрылымы және жылжымалы құрамның болуы былтырғы егін астығын тиеп жөнелту үшін элеваторлар мен кірме жолдардың қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді. Қорыта айтқанда былтыр Қазақстан темір жолы арқылы астық тасымалы 30%-ға артып, тиімді нәтиже көрсетіп отыр.