Мемлекеттік басқару жүйесінде өңірлердің құзыреті күшейіп, өкілеттігі артады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік дербестігін кеңейту үшін ауқымды өзгерістер қолға алынды. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысында болып, аймақ активімен кездесіп, жаңа реформаларды кеңінен талқылады.
Соңғы жылдары Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші едәуір артқан. Бұл Президент реформаларының жүзеге асырылуының оң нәтижесі. Бүгінде аймақтардың әлеуетін көтеру бағытында салықтар мен төлемдердің 25 түрінен түсетін кіріс орталыққа кетпей, жергілікті жерде қалады. Соның арқасында, аудандар мен ауылдардың бюджеті біршама көбейді. Бұл жаңашылдықтар «қуатты өңір – қуатты ел» қағидатының көрінісі.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Президентіміз «Turkistan» газетіне берген сұхбатында еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды. Бұл елімізді әділетті, демократиялық, ашық мемлекетке айналдыруға бағытталған жүйелі саясаттың жарқын көрінісі. Осы жолда ұлт болып ұйысып, Президентіміз белгілеп берген стратегиялық міндеттерді орындауға белсенді атсалысамыз деп сенемін.
Сондай-ақ, Сенат Төрағасы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық үйіне барып, аймақ жастарымен кездесті. Креативті индустрия мен ІТ дәуірінде жастар білімге ден қойып, ел дамуы жолында маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Сондықтан, Президент биыл елімізде жасанды интеллект жылы деп белгіледі. Ол үшін жасампаз жастардың прогрессивті идеияларын жүзеге асыруына, озық технологияларды меңгеруіне барынша қолайлы жағдай жасалмақ.