Шымкентте мұнай ұрлау схемасы әшкереленді. Ішкі істер министрлігі мұнай өңдеу зауыты аумағынан қара алтынды ұрлау схемасын анықтаған. Жергілікті полиция департаменті жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығаруды ұйымдастырды деген күдікті топты ұстады.


 Қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, өзара сөз байласқан. Ұрланған отынды бірнеше базаның аумағында сақтау және сату фактілері белгілі болған. Қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады. Тінту кезінде үлкен көлемде ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленді. Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде дейді министрлік өкілі.