Түркістан қаласында «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 35 жылдығына арналған шахматтан турнир өтті. Шара аталмыш газет пен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған.


«Жанубий Қозоғистон» газеті – 1991 жылы 5 сәуірден бері шығып келе жатқан өзбек тілді басылым. 1999 жылға дейін «Дўстлик байроғи» болып келді. Өңір халқы өзбек ұлтының тарихы мен салт-дәстүрі жайлы осы басылымнан біліп отырады.


 РАЙЫМЖАН АЛИБАЕВ, «ЖАНУБИЙ ҚОЗОҒИСТОН» ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ
Газет аптасына екі рет өзбек тілінде жарық көреді. Осы аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын өзбек тілінде насихаттап келеміз. Жергілікті әкімдіктен де қолдау көп.


 «Жанубий Қозоғистон» Қазақстан Президенті мен Үкіметінің саясатын өзбек тілінде насихаттайтын бірегей басылым. Газет ҚР Конституциясын, «Қазақстан – 2030» бағдарламасын өзбек тілінде жариялаған. Өңірдегі өзекті жаңалықтар мен алашапанды ақындардың жинағын қазақ тілінде аптасына екі рет шығады басып шығарады.


БАХТИЯР ШАМУРАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы Оңтүстік аймақ халқы тығыз орналасқан, бауырмал мекен. Бүгінгі жарыста да осы татулық белең алып тұрғанын байқаймыз.


Мерейтойға арналған турнирге Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт, Сауран, Созақ, Сарыағаш аудандары мен Түркістан, Кентау қаласынан және «Жанубий Қозоғистон» газетінің командалары қатысты. Олар өзара татулық пен рухани келісімді насихаттауға күш салды.


АХМЕТЖАН РАМЕТОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Командамызда 2 ер кісі, 1 әйел бар. Дайындығымыз өз нәтижесін береді деп ойлаймыз. Осы турнирге арнайы дайындалдық.


 Сайыс қорытындысында І орынға Сайрам ауданы, ІІ орынға Сауран ауданы, ІІІ орынға Кентау қаласының шахматшылары ие болды. Шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.