Былтыр елімізде 60 мың тоннаға жуық дайын балық өнімі өндірілген. Балық шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларының бірі және экономикалық өсімге әсер етуші маңызды сала. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде балық өнімдері нарығының көлемі 76,8 мың тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен.


Есепті кезеңде 38,5 мың тонна балық ауланып, 20,9 мың тонна тауарлық балық өсірілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар 20 су айдыны бар, олар 366 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген. Балықты өңдеумен жылдық өндірістік қуаты шамамен 120 мың тоннаны құрайтын 72 кәсіпорын айналысады.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше 20 кәсіпорын Еуропалық одақ елдеріне өнім экспорттауға құқылы. Қазақстандық балық өнімдері Германия, Нидерланды, Ресей және Қытайды қоса алғанда, әлемнің 21 еліне жеткізіледі. Өңдеу көлемін одан әрі арттыру үшін қосылған құн салығын 70%-ға төмендету, жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу сияқты мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.