Бүгін – қазақ тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толып отыр.


Ол ¬қазақ халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шетел ордендері мен медальдерінің иегері. Отыз жылдан астам уақыт ел басқарды. Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылы тамыздың 22-сінде 82 жасқа қараған шағында дүние салды.