Былтыр ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топты қолға түсірген. Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен заңсыз қару сақтады деген күдікпен 70 азаматты ұстаған.
Тергеу барысында 30 бірлік атыс, 11 жарақат қаруы тәркіленген. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізіп, ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарған. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге мөлшерінде сыйақы берілген.