Түркістан қаласында 80 орынға лайықталған заманауи перзентхананың құрылысы жүріп жатыр. Жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысын бақылады.
Нысанның қасбеті Түркістанның сәулеттік келбетіне сай болуы керектігін алға тартқан басшы, жауаптыларға құрылысты сапалы әрі уақытылы тапсыру қажетін жүктеді. Жобаның жалпы құны – 8,3 млрд теңге. 3,3 гектар аумақта орналасқан орталықта ана мен балаға қолайлы жағдай жасалмақ. Бір және екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 17 288 шаршы метрді құрайды. Медициналық мекеме 4 блоктан, 30 орындық жүктілік патологиясы және босанған аналардың денсаулығын қарайтын 50 орындық бөлімнен тұрады. Барлық бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталады. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 109 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Перзентхананы биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.