2030 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа теміржол салынып, 11 мың шақырымы жөнделеді.
Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты. Ол сұхбатта «Достық – Мойынты» жаңа теміржол ма¬гистралінің мән-маңызын атап өтті. Жоба Қытай мен Еуропа арасында тасымалданатын жүк көлемін бес есе арттыруға мүмкіндік бере¬ді. Сондай-ақ «Мойынты – Қызылжар», «Бақты – Аягөз», «Дарбаза – Мақтаарал» темір¬жол желілерін жаңадан іске қосу жос¬пବрда тұр. Елі¬міз¬дің аумағы арқылы өтетін 12 халық¬ара¬лық көлік дәлізі бар. Оның 5-і теміржол, 7-і автокөлік дәлізі. Қытай мен Еуропа арасында құрлықпен жет¬кізілетін жүктің шамамен 85 пайызы осы жолдармен тасымалданады.
БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бізде бүгін потенциал үлкен. Соны толық пайдалану жолын айтып отыр бұл кісі. Теміржолдың тозығы жеткен білесіздер. 2030 жылға дейін біз 5 мың шақырым жаңа теміржол саламыз дейді. Ал, 11 мың шақырым темір жолды жөндейміз деді. Тек қана бір соңғы соғылған Достық пен Мойынты жолының өзінде соны қосқаннан кейін айналым 5 есе өседі деп жоспарлап отыр. Яғни бұл сарапшылардың беріп отырған оң бағыты. Бұл керемет.