Түркістан қаласындағы Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар Еркінұлы партияның облыс филиалының активімен кездесті. Кездесу барсында аграрлық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және басқа да өзекті мәселелер көтеріліп, нақты ұсыныс-пікірлерін білдірді.


Депутат әрбір қойылған сауалға жеке тоқталып, айтылған мәселелер назарға алынатынын атап өтті. Ашық диалог форматында өткен бұл кездесу халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды. Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаттарының өңірлік сапарлары барсында тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен кездесуде. Сондай-ақ, білім, медицина, спорт салаларының өкілдерімен кездесіп, өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды талқылауда. Кездесулерде жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы өзекті мәселелер көтеріліп, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сапардың басты мақсаты – халықпен тікелей әрі тұрақты байланыс орнатып, әлеуметтік мәселелерді парламенттік деңгейде бақылауға алу және өңірлердегі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.