Шымкентте 21 жасар қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдай кеше кешкі сағат 18:40 шамасында орын алған.
Бойжеткеннің мәйіті Төлеметов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің маңынан табылды. Қалалық полиция өкілдері күдіктінің жеке басын анықтаған. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ
Осы дерек бойынша кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жария етуге жатпайды.