Полиция мен прокуратура бірлесіп оқушылар мен студенттерге жол ережелерін түсіндірді. Жапон әдісі негізінде өткен дәріске 600 жеткіншек қатысып, жаяу жүргіншілер ескеруі тиіс қағидаттарды меңгерді.


Жапонияда балалар жол қауіпсіздігі ережелерін теорияда емес, практикада үйренеді. Ол үшін арнайы көрсетілім ұйымдастырылып, жол-көлік оқиғалары сахналанады. Осы әдіс негізінде тәртіп сақшылары келушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Қоғамдық көлікте жүру ережелері, жаяу жүргіншілер ескеруі тиіс талаптар көрсетілді. Басты мақсат – жас өрен санасына сақтық қағидаттарын сіңіру. Апатты жағдайлардың алдын алу.


ЖАСҰЛАН ОРАЗ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
– «Түрлі жас аралығындағы 10-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер.. – Жол-көлік оқиғалары көбірек болатыны? – Иә!»


Жасөспірімдер тәртіп сақшылары айтқан мәліметтерді ұйып тыңдап, қажет тұсын түртіп отырды. Көкейтесті сауалдарын жолдап, пікір алмасты.