Былтыр Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық ұрланған малды иелеріне қайтарған. Профилактика жылы аясында тәртіп сақшылары қарқынды жұмыс жүргізіп, түсіндірме шараларын күшейтті.
Нәтижесінде мал ұрлығымен айналысып келген 19 қылмыстық топ құрықталып, 56 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 47-сінің мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Айта кетейік, жалпы өткен жылы 615 бас мал ұрланған болса, оның 474-і иелеріне қайтарылған.