Шымкенттік аналар кеңесі Республикалық Референдумға дайын. Олар елдің ертеңі сынға түскен сәтте бірауыздан қолдау білдіруге бекініп отыр.


Арнайы жиында Шымкент қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Отырыс барысында қатысушылар референдумның маңызы, оның елдің саяси және әлеуметтік дамуына ықпалы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, қоғамда тұрақтылықты сақтау, азаматтық белсенділікті арттыру және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен қозғалды. Жиын қорытындысында Аналар кеңесі мүшелері республикалық референдумды қолдауға шақырып, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.


 ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Аналар кеңесінің басты мақсаты – қоғамдағы бірлікті нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу. Алдағы референдум – еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи шешім. Сондықтан әрбір ана бұл үдеріске жауапкершілікпен қарап, өз отбасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.