Шымкент қаласында жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы ақпараттық кездесу Бекжан базарының кәсіпкерлерімен өтті.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, Ата заңның бірқатар баптарына өзгерістер енгізіліп, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нормалар жаңартылған. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктері де кеңінен сөз болды. Жиында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, заңдылықты сақтау және мемлекеттік қолдау шаралары жайында да айтылды. Кәсіпкерлер өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
ЕРДӘУЛЕТ ТАСТАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕР-КЕҢЕСШІСІ
Қазіргі таңда қаламыздағы Бекжан базарында кәсіпкерлерге Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Реформа аясында Ата заңның бірқатар баптары жаңартылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты өзгерістер қарастырылған. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында да заңнамалық кепілдіктер нақты айқындалды.