Түркістанда полиэтилен қаптама және скотч өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Кәсіпорында жылына 1,5 млн дана желімдік лента өндіріледі. Өндірістік жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады.
«QazEcoPack» ЖШС-нің өнімдері ел аумағында тарап, ТМД елдеріне де жеткізіледі. Мұнда бір жылда 1,5 млн дана скотч шығарылады. Жаңа зауыттың ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысты.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Міне бүгін «QazEcoPack» скотч және пластик бұйымдарын терең өңдеп, дайын өнім шығарып халыққа ұсынып отыр. Толықтай автоматтандырылған. Осындай жобаларымыз көп болсын. Басты мақсат халыққа, жастарға жұмыс орындарын ашып беру.
Бастапқы және қайта өңделген шикізаттан өндіруге бағытталған жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде зауытта 20 адам жұмыспен қамтылған.
ДУМАН ХАЛМЕТ, «QAZECOPACK» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Біз қазір енді бірінші этап жұмысымызды аяқтап, екінші этапты бастайын деп жатырмыз. Екінші жұмысымызда орам пленкалар, стрейч, термо пленка осылардың құрылысын бастап жатырмыз.
Зауыттың үшінші кезеңі 2027 жылы іске асырылып, жылына 500 мың келі полиэтилен өнімдері шығады. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңгеден асады.