8 жастағы баланың асқазанынан шаш шықты. Қалалық балалар клиникалық ауруханасы қабылдау бөліміне 8 жастағы бала 7 тәулік бойы ішінің ауруына, тәбетінің болмауына және құсу белгілеріне шағымданған.
Дәрігерлер тексеру барысында іш қуысын пальпациялау кезінде асқазан тұсынан бөгде зат бар екенін анықтаған. Балаға шұғыл түрде ота жасалып, хирургиялық араласу барысында асқазаннан ірі көлемді шаш жиынтығы алынды. Мұндай жағдай медицинада трихобезоар деп аталады. Бұл – асқазанда жиналған шаш массасы. Дәрігерлер қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты екенін айтады. Бала дәрігердің бақылауында.