Түркістандық полицейлер «жолда қабылдау» акциясын өткізіп келеді. Polisia.kz-тің хабарлауынша, онда тәртіп сақшылары халыққа құқықтық кеңес айтып, заң аясындағы сауалдарға жауап береді.
Бүгінде акцияға 200-ден аса азамат қатысқан. Халықты қабылдау шарасы үш күн бойы Түркістан қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында өтті. Іс-шараға әкімшілік практика бөлімінің, процессинг орталығының, сондай-ақ жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері қатысқан. Келушілердің басым бөлігі әкімшілік айыппұлдар, көлік құралдарына шектеулер, жүргізуші куәліктері, сондай-ақ көлік құралдарын қайта жабдықтау мәселелері бойынша сауал жолдаған.