Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара өткізді. Polisia.kz. –тің хабарлауынша тексеру жұмыстары тәулік бойына жалғасқан.


 Облыс аумағындағы негізгі бағыттар мен республикалық маңызы бар автожолдар толық қамтылған. Жеті тәулік ішінде полицейлер мал тасымалдап бара жатқан 48 жеңіл және жүк көліктерін тоқтатқан. Нәтижесінде 38 көліктен тиісті құжаттарсыз тасымалданған 613 бас мал анықталған. Құжатсыз мал тасымалдаумен айналысқан жүргізушілер қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілген. Іс материалдары учаскелік полиция инспекторларына тапсырылып, әрбір дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.