Тұрғын үй кезегінде тұрған 30 шымкенттікке су жаңа пәтер кілті табысталды. Енді олар «Асар» шағын ауданына қоныстанады. Кілт табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбек арнайы қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.
Ұлжан Сауғабаева – үй кезегіне осыдан 10 жыл бұрын жазылған. Міне, бүгін 2 бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отыр. Кезек күтіп, ұзақ аңсаған баспанаға қоныстанатын оның бүгінгі қуанышында шек жоқ.
ҰЛЖАН САУҒАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Мен 2017 жылы үй кезегіне тұрғанмын. «Тұл жетім» категориясына кіремін. Он жыл дегенде пәтерлі болып жатырмын.» «Ұзақ күттім. Өте әсерлі сезімде тұрмын.»
Пәтерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұрғындарға беріліп отыр. Баспаналар ипотекалық негізде және сатып алу құқығымен жалға берілген.
ЕРКІН АҚЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Арендалық үйлерді үлестіру жұмысын банк жалғастырып келеді. Әкімдік тарапынан берілген үйлерді үлестіруді былтыр желтоқсан айында бастадық. Қаңтар айында 444 пәтер берілді.»
Айта кетейік, пәтер кілті табысталған «Асар-2» шағынауданындағы барлық үйлер инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған. Яғни, ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталған пәтерлер.