Абай ауданы абаттандыру жұмыстары бойынша алдыңғы қатарда. Өткен жылы аймақтың бес жерінде әмбебап демалыс орындары салынды. Аудандағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер Шәкір Сұлтанханның тұрғындармен кездесуінде айтылды.
Қала әкімінің тікелей тапсырмасымен өткен жылы ауданда 1081 көше жарықтандырылды, – дейді аймақ басшысы. Халық қатысатын бюджет есебінен 1,9 млрд теңге жүйелі түрде жұмсалған. Бұл қаржыға 16 ойын және 3 спорт алаңы бой көтеріп, 5 гүлзар пайдалануға берілді. Инфрақұрылыммен қамту бойынша: ауыз су – 100%, электр жарығы – 100%, газбен қамту көрсеткіші де 100% екен.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Алайда кейбір елді мекендердегі жаңа құрылыстарда газ жоқ. Мысалы, Жиделі шағын ауданда 400 учаске, Ақжайық шағын ауданда 30 үй газдандырылмаған.
Баяндамадан кейін жиын жанды әңгімемен қызды. Тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, лезде жауап алды. Ауданға қарасты шалғай елдімекендерде иесіз иттер көбейген. Таңғы уақытта ұйыққан иттер топ-топ болып жүреді екен. Тұрғындар «Сабаққа ерте баратын балаларымызға алаңдаймыз», – деп отыр.
Мегаполистің барлық аймағында былтыр асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2025 жылы Абай ауданында 474 тас көшеге асфальт төселді. Осылайша аудандағы көрсеткіш 66%-дан 95,2%-ға жетті. Биыл бұл көрсеткішті 100%-ға жеткіземіз, – дейді аудан әкімі.