Қалалық мәслихаттың депутаты М. Өтебаев атындағы колледж студенттерімен кездесті. Басқосуда оқытушы құрам мен жастарға Жаңа Конституцияның негізгі артықшылықтары түсіндірілді. Өз кезегінде студенттер де тиімді тұстарын тілге тиек етті.
Жиында Конституция жобасының маңызды ережелері талқыланды. Егемендікті және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері айтылды. Елде адами капиталды қалыптастырудағы білім мен ғылымның рөлі сөз болды. Бахадыр Нарымбетов өз сөзінде Конституцияға өзгерістер енгізу – уақыт талабы әрі заңды құбылыс екенін айтты.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Преамбулада көптеген халықтың көкейінде жүрген негізгі мәселелер айтылған.
Конституция жобасының преамбуласына білім мен ғылым құндылықтарының енгізілуі – құптарлық іс. Ұлы дала контекстіндегі мемлекеттілік сабақтастығын айқындайды. Әрі стратегиялық басымдықтарды нақты белгілейтін маңызды қадам.
Жаңа Конституция жобасы жаңа цифрлық дәуірдің құжаты. Онда адам құқықтарын қорғау табиғи өмір сүру ортасымен шектелмей, цифрлық кеңістікке де таралады. Жиында айтылған негізгі ой осыған саяды.