Шомылу маусымы басталғалы қайғылы оқиғалар азаймай тұр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері еліміздегі су айдындарында 69 бала көз жұмған. Оқиғалардың дені шомылуға тыйым салынған әрі арнайы жабдықталмаған жерлерде болған.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 2700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
АРМАН САДАНОВ, ІІМ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҮЙЛЕСТІРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылыңыздар. Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар. Оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер. Аптап ыстықтан кейін бірден суық суға түспеңіздер. 00.57–01.05 Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен өз жауапкершіліктеріңізде екенін ұмытпаңыздар.