Былтыр артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын анықтауға бағытталған скринингтен 1,7 миллион азамат өтті. Нәтижесінде 114 мыңнан астам азаматтан қанайналым жүйесі аурулары анықталды.

Скрининг аурудың асқынуының алдын алып, дер кезінде емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Анықталған жағдайлардың ішінде 99 мың азаматтан артериялық гипертония, ал 15 мыңнан астамынан жүректің ишемиялық ауруы анықталды. Былтырдан бастап скрининг бағдарламасы жоғары сезімтал заманауи диагностикалық әдістермен толықтырылды. Бұл ауруларды ерте анықтау деңгейін арттырып, емдеуді уақытылы бастауға жол ашты. Қазіргі таңда елімізде жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 миллион адам динамикалық бақылауда тұр.