Қала тұрғындарына маңызды хабарландыру! Бүгіннен бастап Шымкент қаласында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық жұмыстары басталды. Іс-шара отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ сталкинг пен алып қашу деректерінің алдын алуға бағытталып отыр. Егерде өзіңіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, қудалауға және өзге де заңсыз әрекеттерге тап болса, дереу 102 арнасына хабарласыңыз немесе полицияның жақын бөлімшесіне жүгініңіз. «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы үш күн бойы жалғасады. Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.