Полицейлер 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Түркия Республикасында ұстады. Тергеу мәліметіне сәйкес, 30 жастағы күдікті 2021 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында азаматтардың сеніміне кіріп, 6 миллион теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген.

16 шілдеде күдікті Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Қылмыстық әрекеттер Солтүстік Қазақстан облысында жасалған. Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері өңір полицейлері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт адамды ұстаған. Олардың әрекетінен келтірілген жалпы материалдық шығын 568 миллион теңгені құрады.