Бірінші шілдеде Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Негізгі өзгерістердің бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай құру. Осыған сәйкес қолданыстағы Ата заңның 9 бөліміне және 77 бабына түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Бұл жалпы заңнамалық құжаттың 84 пайызын құрайды. Бұған халықтың пікірі мен елдің ұсынысы түрткі болды. Конституцияға енгізілген өзгерістер елдің одан әрі өркендеуі мен билік жүйесін жетілдіруді көздейді. Ал қала тұрғындары енгізілген өзгерістерден қаншалықты хабардар?


-  Бірінші шілдеде күшіне енген ата заңды қолдаймын. Жаңа бастамалар болады деп есептеймін.» «Иә, құрылтай жаңа саяси кезең»

 – «Жаңа ата заңға көзқарасым оң. Көптеген оң өзгерістер күтемін.»

-  Қоғамдық өзгерістерді күтеміз.