Зейнеткерлер несие алу үшін банкке өзі барып, өтінім қалдыру қажет.Себебі, алаяқтар егде тартқан адамдарды арбаудың түрлі тәсілін қолданып, құрығына оңай түсіріп келеді.Соңғы уақытта мұндай қылмыс саны екі есе артты.


Қаскөйлер зейнеткерге белгілі бір мекеменің атын жамылып хабарласып, банк қосымшасына кіруге мәжбүрлейді.Биометриялық сәйкестендіруден өткізіп, онлайн несие рәсімдеп, қомақты қаражатты өз шотына аударып алады.Сенімге кірген мекеме маманының сөзіне иланған тұрғындар аңдаусызда алаяқтың құрбанына айналады.Сол себепті ұлттық банк төрағасы халыққа несие рәсімдеу үшін банкке барып, қызметкерден арнайы кеңес алу керектігін ескертеді.


 ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ
Егде жастағы, соның ішінде зейнет жасындағы азамат несие алу үшін банк бөлімшесіне өзі келуге тиіс. Бұл жерде банк менеджерінің жауапкершілігі туындайды. Ол клиенттің біреудің ықпалында тұрғанын байқаса, несиені не үшін алып жатқанын сұрауы керек. Егер адам «маған телефон соғып, несие алуды айтты» десе, банк қызметкері несие беруден бас тартуға міндетті.