Жазғы лагерь - жаңа достық, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы ерекше кезең. Түркістан қаласы оқушыларының сауықтыру демалысының 4 ауысымы аяқталды. Қорытынды кеште балаларға қызықты квесттер мен ойындар ұйымдастырылды. Лагерьдің әр ауысымында бір мезетте 350 оқушы жазғы сауықтырудан өтеді.
Сондай-ақ, маусымның соңғы күнінде кітапханашылар балаларға кітап көрмесін өткізді. Ал, қалалық мәдениет үйінің әншілері арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды. Жеткіншектерге дайындалған сыйлықтар мен балмұздақ тарату рәсімі ауысым қорытындысының басты көрінісі болды.
МАДИЯР БАҚТЫБАЙҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ағаларың сендерге оындай көңіл-күй сыйлауды тапсырды. Сендерге сәлем айтып жатыр. Сендерге сыйлықтарын, балмұздағын беріп жатыр. Осындай жақсы күнде, табиғаттың аясында жақсы демалыңдар. Ертең 1-ші қыркүйекте сабақ басталады. Сол сабаққа жақсылап дайындалып, сабақты жақсы оқыңдар. Тәрбиелі болыңдар, осы жердегі апайларыңды тыңдаңдар. Үйге күш жинап, демалып, дос-құрбы тауып демалысты жақсы өткізулеріңе тілектеспіз.