«Толағай» және «Еркежан». Аудандағы бұл қос лагерь оқушылардың жазғы демалысын қызықты өткізуге сақадай сай. Жасөспірімдердің шығармашылық дамуына қажетті жағдай жасау үшін қазір білім мекемелерінде жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.
Жазғы демалыс басталған тұста аудан билігі шәкірттердің ата-аналарына құлаққағыс жасады. Қазір ашық базарларда сатылатын тағамдар мен көкөністер өте қауіпті. Оларды лагерь аумағына кіргізуге қатаң тыйым салынды. Сондай-ақ, өрт, су қауіпсіздігі мен жолда жүру ережелері де оқушылар үшін маңызды екені ескертілді. Оқыс оқиғалардың алдын алуға ең әуелі, ата-ана жауапты. Шара барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жөнінде кеңестер берілді.
ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы