Бұған дейін Қазығұрт ауданының балапандарына 36 балабақша қызмет көрсететін. Енді олардың қатарына тағы 3 мектепке дейінгі мекеме қосылды. Соның бірін аудан азаматы Сман Самат тарту етті.  Бұл істі кәсіпкер ата-аналардың өтініші бойынша қолға алған. 75 орынға арналған балабақша ауыл тұрғындары үшін айшықты жаңалық болды.  

Ханзат Байдуллаева - бұған дейін немересін шалғай ауылдағы балабақшаға тасып әуре болатын. Енді үй маңынан заманауи балабақшаның ашылғанына дән разы. Мұнда тәрбиеленген балғындар өнегелі жандар болып өсетініне сенеді.

Жыл соңына дейін жергілікті кәсіпкерлер тағы да 450 балаға бақша есігін айқара ашады.  Жоспарланған іс жүзеге асса, ауданның бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 85 пайызға жетпек.

САТТАР Есімбеков