Оған қалалық білім бөлімі ұйытқы болды. «Ақтас» сынақ алаңында бүкіл мектеп бітіруші түлек автоматтан оқ атып, саптық дайындықтан өтуде. Бұл - біле білгенге үлкен өмірге жолдама.
Бес күндік далалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жиынның ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы келіп қатысты. Жас сарбаздарға сәттілік тілеп,құттықтауын жеткізді.
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі;
Біздің қаламызда өте маңызды іс-шара өтіп жатыр. Жастарға арналған оқу дала жиналысы. Мұндай дала оқу жиналысы жастарға өте маңызды. Әсіресе, мына ер азаматтарға әр түрлі жаттығу болады. Өзін-өзі көрсету керек. Сондықтан мен сәттілік тілеймін.
Бұл жиын жыл сайын сәуір айында «ҚР-ның жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, 65/06 әскери бөлімінің базасында өтеді. Биылғы далалық оқу-жаттығуға 3327 оқушы қатысуда. Ұлы дала ұландары: «Мектеп бітіретін жастар бұл жиыннан мол сабақ алады. Мамандық таңдау маңызды іс екенін ұғады»,-дейді.
Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету - осындағы барлық азаматтың басты борышы. Жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайды.
Серғали ЖАРЫЛҚАСЫНОВ