Бүгінде Түркістандағы халықаралық Туризм және меймандостық университетінің ғимараты салынып бітті. Қазір карантинге байланысты   Білім беру қашықтықтан жүргізілуде.  Университеттің материалдық-техникалық базасы жыл сайын 1500 студент қабылдауға арналған. Қазіргі уақытта Университетте 3 оқу ғимараты бар, университеттің барлық ғимараттары Түркістанның орталығында, қаланың негізгі көрікті жерлерінен алыс емес жерде орналасқан. Университеттің оқу ғимараттарында қажетті оқу алаңдары мен зертханалары бар.2020 жылы университетке 588 студент оқуға түсті. Оның ішінде 22 студент «Алтын белгі» иегерлері, 34 студент «Үздік» бітірген, 45 студент халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары, спорт шеберлері. Ал бүгінгі меморандум Францияның Анже университетімен түзілді. Екі жақты келісім Франциядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.Қол қою рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Басқарма Төрайымы, Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнұр Мырзамадиева мен Франция елінің Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуан және University of Angers ректоры Кристиана Робледо қатысты.

Н. Кенжехан