Биыл өңіріміздегі жалпы білім беретін 1 029 мектепті 33 мыңнан астам оқушы бітіріп отыр. Бұл түлектердің 22 091-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 19 мыңнан астамы шекті балл жинаған. «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» бағдарламасы - грантқа ілінбеген жастар үшін зор мүмкіндік.
Бұл бағдарлама мемлекет үшін маңызды. Еңбек күшін қажет ететін еліміздің Солтүстік, Батыс және Шығыс аймақтарындағы 24 жоғары оқу орны мен 30 кәсіптік-техникалық колледжге халқы тығыз орналасқан аймақтардан шәкірт тарту, еңбек нарығында тапшы мамандар даярлау көзделген. Жалпы, жоба басталғалы бері 4 жылда... бағдарлама бойынша білім алған 15 мыңнан астам жастың басым бөлігі - түстіктің төл қазір теріскейдегі жоғары оқу орындарында – 6 490, колледждерде 1 938 түркістандық білім алуда.
«Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» бағдарламасы бойынша өңірімізде құжаттарды тапсыру шілде айының 18-і мен 20-сы аралығында жүріп жатыр. Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің А корпусында, ОҚМПУ—ті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де құжаттар қабылданады. Ал, кәсіптік-техникалық колледждерде білім алуға ниетті талапкерлерден құжаттар облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында тамыз айының 20-на дейін жүргізіледі.
К. ДҮЙСЕНБІ