Оған себеп – университет әлемдік рейтингіде жоғары мәртебеге ие.  Халықаралық қатынас тілі - ағылшын тілінде білім береді. Шетелдік серіктес университеттермен 70-тен астам қосдипломды бағдарламаны іске асырады. Алыс-жақын шетелдердің 150-ден астам талапкері осы университетке онлайн жүйесі арқылы тіркеліп, құжаттарын тапсырды. Олар растау алды. Ендігі кезекте жоғары оқу орнына қашықтықтан қабылдана алады. Қызметтің бұл түрін Бразилия, АҚШ, Франция, Германия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан және тағы басқа мемлекеттердің азаматтары  қолданып үлгерді. Жалпы, жаңа оқу жылында Қазақстан университеттеріне 600 шетелдік студентті қабылдау күтілуде. Үлкен сұранысқа ие мамандықтардың қатарында: жалпы медицина, ақпараттық жүйелер, халықаралық қатынастар, менеджмент, биотехнология, қазақ және орыс тілдері филологиясы бар.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ