«Америка бұрышы». 2011 жылы қыркүйек айында ашылды. Мақсат- екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықты арттыруға. Мұнда Америкадан арнайы келген тәжірибелі мамандар тегін дәріс береді. Келушілер де көп. Дені - жастар. Аталмыш бұрыш көмегімен танымдық деңгейін арттыруға... күніне 50-60-ы келсе, айына 2000-нан аса оқырман ағылады.
Мұзафар... биыл жоғары оқу орнын бітірді. Мамандығы – тарихшы. Оның ағылшын дәрісіне қатысып жүргеніне 2 жыл болды. Содан бері халықаралық қатынас тілін жетік меңгеріп, танымдық деңгейін көтеруде. Алда оны магистратура күтіп тұр. Ерікті жас... қызу дайындық үстінде. Қазір ағылшын ойын клубтарына да қатысып, жақын достар тапқан.
«Америка бұрышы» осындай талантты жастардың асқақ арманын орындауға, мұхиттың арғы бетіндегі елдердің... мәдениетін, өркениетін паш етуге көмектеседі. ЖОО студенттері мен мектеп бітірушілеріне жөн сілтейді. Бұрыш қызметкерлері әр студентпен жеке-дара дайындық жұмыстарын жүргізеді. Америкаға оқуға түсемін, бәсекеге қабілетті білім аламын деген жастарға тегін ақыл-кеңес береді.
М.ӘСЕМБЕК