Аппарат басшысы алдымен "Шымсити" шағын ауданындағы көпқабатты үйлерге жылу беретін қазандықтың қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Модульды жылу қазандығының жүйесі толық автоматтандырылған, арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы басқарылады. Нысан  басында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жылыту маусымына дайындықты ұйымдастыру жөнінде берген  тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. "Тұран" шағын ауданында қала әкімінің аппарат басшысы құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған мердігер ұйымдар өкілдерімен жұмыс жиынын өткізді. Құрылыс штабында өткен кездесуде баспана салу барысында өндірістік кестенің сақталуы, ішкі орамдық жолдардың сапасы, жарықтандыру мәселесі, су жүйелерін жүргізу, аяқжолдар салу және абаттандыру мәселесі бойынша қала басшысының берген тапсырмаларының іске асырылуы пысықталды. Кездесуде сөз алған  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы сынақ зертханасының меңгерушісі Қайрат Шәкіров «Тұран» шағын ауданындағы 13 көшенің 11-ісынақ зертханасының сараптасынан өткенін атап өтті.