Әбубәкір Ақылбекұлы бұл кәсіппен айналыспай тұрып Кентау қаласының экскаватор зауытында жұмыс жасаған. Өндіріс орнының жұмысы тоқтаған кезден бастап осы домбыра жасауды қолға алған. Қазіргі таңда еліміздің біршама қалаларынан тапсырыстар қабылдап, ұлттық құндылығымызды насихаттап жүрген жан. Оның бұл кәсіппен айналысып жатқанына 28 жылдан асқан. Бүгінде өз кәсібінің жемісін көріп жүрген ағамыз ұрпақтарына да аспаптың жасалу жолын үйретіп жатқан жайы бар.Домбыра жасаушы тек шебер ғана болмауы қажет, музыка өнерінен де хабары болуы тиіс. Сонда ғана аспаптың асқақтығын байқата алады.

Әбубәкір Ахметов – шебер

 

Ә. Дәулетбекқызы