Жасы жетпістің желкенін керген Күнсұлу апа қоғамдық өмірге белсенділік танытып, саяси науқанға үнемі қатысады. Бұл жолы да өз дауысының маңызды екенін ескеріп, таңертең ертелетіп сайлау учаскесіне қарай асықты.
Күнсұлу Орынбекова – Қайнар ауылының тұрғыны
Ауылдағы ағайын сайлау аймақтың дамуына серпін береді деген үмітте. Өйткені елі сайлаған әкім әлеумет алдындағы жауапкершілікті сезініп, туған жердің қажеттілігіне көңіл аударады. Жалпы Қайнар елдімекеніндегі №740-шы сайлау учаскесіне 800-ден астам сайлаушы тіркелген. Ауыл азаматтары саяси таңдауын жасауда өте белсенді дейді байқаушылар.
Нұржамал Амангелдиева – бақылаушы
Мырзақұл Ордабеков - №740 сайлау учаскесінің төрағасы
Ал, Алатау елді мекеніне қарасты №738 сайлау учаскесінде халық дауыс беруге белсенді ат салысты. Әсіресе қариялар аумақтың саяси өмірінен тыс қалмай өз әкімдерін сайлауда. Алатау сайлау учаскесінде 1393 сайлаушы бар. Айта кетейік, саяси науқан санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.
Жалпы ауыл округі әкімін сайлауға 4 470 сайлаушы тіркелген. Екпінді жұртының екпіні де жаман емес. Ауыл тұрғыны Мамырхан Оразбаев саяси сында тек ауылдың жағдайын көркейтетін, ел мүддесі үшін қызмет ететін азамат жеңсе деген үмітте екендігін жеткізді.
Мамырхан Оразбаев – Екпінді ауылының тұрғыны
Ауыл әкімі болуға 4 кандидат ұсыныс білдірген. Олардың барлығы да жоғары білімді, туған жерін түлетуге ынта-ықыласы жоғары азаматтар. Түс аумай жатып ауылдықтардың 50% дауыс беріп үлгерген. Саяси дода таңығ сағат сегізден басталып, 18-00ге дейні жалғасты. Нәтижесінде Екпінді ауылының тұрғыны, бұған дейін аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімін тізгіндеген Мадияр Құрбаналиев ауыл әкімі болып сайланды. Үміткер Нұр Отан партиясы тарапынан ұсынылған. Оған берілген дауыс саны - 1 411. Өзгелерден таразы басы басым түскен азаматқа халқы үлкен сенім артып отыр. Өйткені, ауылда өзгесін айтпағанда, ауыз су мәселесі өте өзекті.
Г. Қалмырзақызы