Сарыағаш АПБ-нің су жаңа ғимараты заманауи талаптарға сәйкестендіріліп жасалған, кабинеттер қажетті жиһазбен және компьютерлік техникамен жабдықталған, арнайы байланыс және бейнебақылау жүйесі бар, сондай-ақ онда сақшылардың сапалы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Тұрғындар көп жүретін көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған сыртқы бейнебақылау камералары біріктірілген шағын жедел басқару орталығы да талапқа сай жұмыс істеп тұр.Бұдан басқа аумақта қабылдау-тарату орны, уақытша ұстау изоляторы, қызметтік иттерге арналған үй-жай, гараж салынған. Сондай-ақ полиция бөлімі жанында халықты мәселесі бойынша кезексіз қабылдауға арналған "азаматтарды қабылдау" бөлмесі жұмыс істейді.Осыдан кейін Қайрат Дәлбеков ауданы аумағында орналасқан учаскелік полиция бекеттеріне барды. Онда генерал-майор Қ.Дәлбеков учаскелік инспекторлар жұмысының нәтижесімен танысып, тірек пункттерінің қойылатын талаптарға және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайына сәйкестігін тексерді. Сапар соңында полиция басшысы қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесіп, тілдесті.
ҚАЙРАТ ДӘЛБЕКОВ,ТО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Автор: Г. Қалмырзақызы