АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

 

ВИРУСТАРДЫҢ АСА ҚАУІПТІ ШТАМЫН САҚТАЙТЫН ЗЕРТХАНА САЛУ ЗЕРТТЕЛІП ЖАТЫР

Сондай-ақ министр вирустардың аса қауіпті штамын сақтайтын зертхана салудың маңыздылығын түсіндірді.  Жамбыл облысы Қордай ауданында жерасты қоймасы бар биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары ғылыми зертхана салу жоспарланған. Алекксей Цой қарапайым зертханада қауіпті штамдармен күресу мүмкін еместігін айтты. Жұқпалы болғандықтан онда жұмыс істейтін адамдарға тиісті жағдай жасалуы керек. Қорғаныс костюмдері мен ауаның өңделуі маңызды. Бірақ, бұл мәселе әлі зерттеледі,-деді. Қазір елде  BSL-3 зертханасы бар. Соның негізінде QazVac вакцинасы дайындалды.