Жәрмеңкеге өңірдегі ірі кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары қатысты. Олар өздеріндегі бос жұмыс орындарын насихаттап, жастарды жұмыс істеуге шақырды. Бүгінде бірегей оқу ордасында 15 бағыт бойынша бакалавриаттың 36 және 5 бағыт бойынша магистратураның 10 білім беру бағдарламасы негізінде шәкірттер тірбиелеуде. Биыл оқу ордасын 3 мыңнан астам түлек бітіріп, қияға қанат қаққалы тұр.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне білікті маман іздеп келген «Достық» мектеп директорынның орынбасары Майра Қадірбекова таңдауларынның, дәл осы университет түлегіне түсіп отырғанын айтады. Өйткені, іс-тәжірибе барысында көзге түскен жоғарғы оқу орнының студенттері жан-жақты екендігін байқата алды, -дейді.
Аталмыш білім ордасын бітірген жас маман жұмыссыз қалмайды деуге негіз бар. Өйткені, қазіргі заман талабына сай маман иелерін даярлайтын университет түлектеріне сұраныс көп. Жыл сайын түлектердің 90 пайызы өңірдегі ірі өндіріс ошақтары мен білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасады. Бұл – жас ұрпақтың бойына білім нәрін сепкен ұжым үшін үлкен жетістік.