Бұл сайыс 26-30 мамыр күндері Ташкент қаласында өткен . Әлемдік додаға  30 мемлекеттен 600 спортшы бақ сынады.  Қазақстан құрама командасынан 98 спортшымыз қатысты. Түркістан облысының спортшылары — 7 алтын,  11 күміс, 4 қола медаль алды. Соның ішінде Түркістан қаласының спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль алды.

Әбсадық Халиллаев- Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы

Түркістан облысының спортшылары 3 алтын 3 күміс 1 қола медаль алды. Мұның бәрі жаттықтырушыларынң сіңірген ерен еңбегінің арқасы. Жауынгерлік жекпе жек спорт директоры бар Рысбек Самат және олимпиадалық спорт мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергенов бар.

Муслим Асадиллаұлы осы сайысқа ерекше дайындықпен барған. Бабы мен бағы қатар шапқан спортшы қос медальды жеңіп алды. Екеуі де алтын. Мұндай сайыстар спортшыларға серпін береді. Алдағы сынақтарға дайындық жұмыстарын күшейтуге белсене кіріспек.

Муслим Асадиллаұлы - Спортшы

мен екі дүркін алтын жүлде иегері атандым. Біреуі күрес түрінен екіншісі ережесіз жекпе-жектен. Осы сайыстардан екі дүркін әлем чемпионы атандым. мені қолдаған баршаңызға, ата-анама достарыма бәріңізге алғысым шексіз. Қазақстан алға!

Сонымен қатар спортшы қызымыз Жадыра Пайызхан да алтыннан алқа тақты. Ағайынды Тохтарбек, Жәнібек Айдарбектер күмісті місе тұтса, Ұланбек Ақымбек қола жүлдеге қол жеткізді.Айта кетйік бұл спортшылармыздың кішісі 14-те болса, үлкенінің жасы жиырмада. Сондықтан болашақта әлі де жүлдеге қол жеткізеді деп сенеміз.