Негізгі Жаңалықтар АУЛАСЫНА КӨКНАР ЕККЕН

АУЛАСЫНА КӨКНАР ЕККЕН

Басқармаға Сарыағаш ауданының тұрғыны есірткі егумен айналысады деген жедел ақпарат түскен.  Есірткіге қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан шұғыл топ құрылған. Олар бірден аталмыш ауданға іс-сапармен шығып, жан-жақты тексеру жүргізген.Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздеріне сүйене отырып,күдіктіні анықтайды.Оның үйіне тінту жұмыстарын жүргізген. Осылайша егде жастағы ер адамның үйінің артқы жағында орналасқан егістік алқабынан егілген, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктерді табылған.Айғақты зат ретінде күдіктіден алығна 2720 түп өсімдік сараптама қорытындысымен «көкнәр» екендігі анықталған. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабымен "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" СДТБТ-ға тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу