Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы, референдумға қатысушылар туралы ақпаратты екі сағат сайын беріп отырды. Сағат 22.00-дегі ақпарат бойынша ең көп дауыс берген өңір Түркістан облысы. Онда халықтың 80 пайыздан астамы таңдау жасаған. Ал, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан аймақтарында 80 пайызға жуық. Қалған өңірлер де белсенділік танытқан.

Осы уақытта шет мемлекеттердегі өкілдіктердің жанында құрылған 40 учаскеде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Ал, 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталған.

МҰХТАР ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Референдум комиссиялары дауыс санауға кірісті. Ертең аумақтық комиссиялар хаттамаларының электронды түрде түсуін күтеміз.

Дауыс берудің алдын ала қорытындысы брифингте жарияланады. Оның уақыты қосымша айтылады,-деді орталық референдум комиссиясының хатшысы.